- Негізгі бет
- LifeStyle
- Балалық шақтан қалған...
Балалық шақтан қалған 6 әдеттен арылыңыз
Біздің бәрімізге балалық шақтан қалған кей әдеттер ортақ: қант қосылған шай, спортты ұнатпау және таңғы асқа бутерброд жеу. Енді бұл әдеттерден арылатын уақыт келді.
Қайнатылған және қуырылған картоп
Картоп - барлық елдер мен континенттердегі ең танымал гарнир, бірақ олар әсіресе біздің елде жақсы көреді. Бала кезімізден біз оны екінші тамақ ретінде етпен жеуге үйренгенбіз. Бірақ картоп май тінінің пайда болуына ықпал ететін көмірсулардың көзі саналады, сондықтан картопты салатпен немесе көкөніспен алмастырған дұрыс.
Қант қосылған шай
Бір қасық қант, екінші, үшінші... Ақыр соңыда целлюлит, белдегі қатпарлар және бала кезімізде ойланбаған, бүгінде бар күшімізді салып құтылуға тырысып жатқан оншақты мәселе. Тәтті шайда өте ностальгиялық және жағымды естеліктер бар, бірақ есте сақтаңыз, қант қосылған шай сіздің әжеңіздің саяжайында ішкен шайдың естелігі ғана емес, сонымен қатар жаттығу залында күш жұмсауға тура келетін қосымша калория.
Десерттер
Бала кезіңізде кешкі астан кейін балмұздақ немесе сүйікті карамеліңізді жейтін едіңіз. Қазір түнде жемеу керек екенін және жалпы десерттерді қалыпты мөлшерде жеу керегін білесіз. Тәтті фигура проблемаларына әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар тәуелділік тудырады.
Май жағылған бутерброд
Мұның фастфудтан еш айырмашылығы жоқ. Көмірсулар, майлар, холестерин. Егер сіз нан мен сары майға ірімшік немесе шұжық қоссаңыз, олар сіңген кезде сіздің денеңіздің қандай күйзеліске ұшырайтынын елестету қиын.
Газдалған сусын
Газдалған сусынсыз ешқандай балалар мерекесі өтпейді. Барлығы кемпірқосақ түсті газдалған тәтті және салқын сусындарға ессіз ғашық. Қантқа, жасанды тәттілендіргіштерге, консерванттарға, хош иістендіргіштерге бай, ол денеге тек зиян келтіреді, семіздікке ықпал етеді.
Көкөністерге мән бермеу
Гарнир ретінде салат жеу балалық шақта нағыз азаптай көрінетін, брокколиге жыламай қарау мүмкін емес еді, қиярға бір қарағаннан-ақ құсқың келетін. Бүгін сіздің тамақтану әдеттеріңіз аздап өзгерді, ал көкөністер күнделікті рационыңыздың бір бөлігіне айналды деп үміттенеміз. Өйткені, олар витаминдердің, микроэлементтер мен антиоксиданттардың таптырмас көзі болып табылады. Олар фигураға зиян келтірмей ғана қоймайды, керісінше денені тазартуға ықпал етеді.
А. Оралқызы