Қырғызстанда балаларда сирек кездесетін синдром анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының балалар онкологиясы бөліміне сирек кездесетін Пейтц–Егерс синдромына шалдыққан науқас түсті. Бұл туралы бөлім меңгерушісі Сұлтан Стамбеков айтты.
Оның айтуынша, бұл – тұқым қуалайтын сирек ауру. Ол кезде адамда мынандай белгілер байқалады:
- теріде және шырышты қабаттарда (әсіресе ауыздың айналасында, ерінде, ұрттың ішкі бетінде, кейде қол-аяқта) пигмент дақтар пайда болады. Көбіне бала кезден көрінеді;
- асқазан-ішек жолында полиптер өседі (көбінесе аш ішекте, бірақ асқазанда, тоқ ішекте немесе басқа да органдарда болуы мүмкін). Бұл полиптер гамартоматозды, яғни қатерсіз. Бірақ уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупін арттырады.
- Аурудың себебі көбіне STK11 (LKB1) геніндегі мутацияға байланысты. Синдром аутосомды-доминантты жолмен беріледі: егер ата-ананың біреуі осы дертке шалдыққан болса, баласына берілу ықтималдығы шамамен 50 пайыз.
Пейтц–Егерс синдромы кезінде қатерлі ісік қаупі жоғары:
- ұйқыбез обыры
- ішек обыры
- асқазан обыры
- әйелдерде: сүт безі, аналық без, жатыр мойны обыры
- ерлерде: аталық без ісігі (сирек кездесетін түрі — Сертоли жасушалары ісігі)
Фото: АКИpress
Белгілері:
- ерін, тіл және ауыз айналасында қара-қоңыр немесе қара дақтар
іштің ауруы (көбіне полиптің ішекті бітеп қалуынан) - асқазан-ішектен қан кету (анемияға әкеледі)
- іш қату немесе ішек өтімсіздігі
Диагностика үшін асқазан мен ішекті эндоскопиялау, колоноскопия, аш ішекке капсульді эндоскопия және генетикалық талдау жасалады.
Емі: полиптерді эндоскопиялық немесе хирургиялық жолмен алып тастау, тұрақты скринингтен өту және алдын алу шараларын сақтау.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек