- Негізгі бет
- LifeStyle
- жаңа жылдық сыйлық
“Балалар үшін қауіпті“. Дәрігер көп ата-ана білмейтін жаңажылдық сыйлықтың сырын ашты
Педиатр Ольга Татаркина магнитті конструктор ойыншығының балалар денсаулығына тигізетін кері әсері жайлы айтты. Бұл ойыншықты жұту баланың денсаулығына қалай әсер ететіні жайлы айтты ол, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Педиатр жаңажылдық сыйлық ретінде магнитті конструкторды сыйламауға кеңес берді. Себебі бұл ойыншық баланың дамуына жақсы көмектескенімен, екінші жағынан бала жұтып қойған болса, үлкен зардабын тигізуі мүмкін.
"Егер бала бірден бірнеше конструктор жұтып қойса, олардың магниттік тартылуы ішкі ағзаларды қатты зақымдап, тіндердің жарылуына немесе асқазан мен ішекте тесіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Баланың жасына қарамастан, мұндай құрылыс жинақтарын сатып алмаған дұрыс", - деп атап өтті Татаркина.
Дәрігер одан соң қозғалатын қатты заты бар ойыншықтар да қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.
"Бұл әсіресе жас балаларға қатысты. Мәселен, тікұшақ, ұшақ сынды қозғалатын қанаттары бар заттарды аларда ойланғаныңыз дұрыс. Егер олар абайсызда қолдарын немесе бетін қозғалатын пышақтарға кесіп алса, жағдай қиын болады. Ойыншық қарулар да балаға айтарлықтай қауіп төндіреді: оқ ататын тапанша, өткір жебе немесе қылыш", - дейді сарапшы.
Балаға жаңажылдық сыйлық таңдағанда, дәрігер ойыншықтардың даму аспектілерін ғана емес, сонымен бірге олардың ықтимал қауіптілігін де ескеруге шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин