Жаңа жылда балаға кәмпит жеуге тыйым сала алмаймыз. Себебі олар бұл мерекені және тәтті сыйлықтарды асыға күтеді. Алайда әр ата-ана күнделікті қант нормасын білуі керек. Эндокринолог Дарья Хайкина "Известия" порталына балаға беруге болатын кәмпит нормасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен қант мөлшері жайлы айтамын, оның қандай өнімнің құрамында болатыны маңызды емес. Әр балаға арналған кәмпиттің нақты санын анықтау үшін қантты тұтыну бойынша жалпы ұсыныстар мен бала ерекшелігі ескерілуі керек: оның денсаулығы, тамақтануы, физикалық белсенділігі және т.б", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, 2-3 жастағы балаларға күніне қант мөлшерін 13 г-ға дейін шектеу қажет. Бұл шамамен 3 шай қасық қантқа тең. 4-8 жастағы балаларға қантты күніне 16г-ға дейін, яғни 4 шай қасық беруге болады. Ал 9-13 жастағы балаларға қант мөлшерін 20-25 г-ға дейін арттыруға болады, бұл 5-6 шай қасыққа тең. 14-18 жастағы жасөспірімдер күніне қантты 25-30 г, яғни 6-7 шай қасықпен шектелу керек.
Сурет: pixabay.com
"Мысалы, кішкентай кәмпитте 4-6 г қант болуы мүмкін, сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға осындай кәмпиттің күніне біреуін ғана берген жеткілікті. Ал одан үлкен балалар мен жасөспірімдерге құрамындағы қант мөлшері мен оның өлшеміне қарай екі-үш кәмпит беруге болады", - дейді Дарья Хайкина.
Дәрігер кәмпиттер мен басқа да тәттілерде қант мөлшері әртүрлі болатынын, сондықтан балаға кәмпит берерде оның қаптамасынан құрамын оқуға кеңес берді.
"Жаңа жыл – балалар үшін қуанышқа толы мереке. Тәттілер – мерекенің бір бөлігі. Бала денсаулығын ойлап, оған саналы түрде қараған жөн. Алайда қантты бақылау деген тәттілерге мүлдем тыйым салуды білдірмейді. Бастысы – шаманы білу және тепе-теңдікті сақтау", - деп қорытындылады дәрігер.
Оқи отырыңыз: Шоколад жей бергіңіз келе ме? Ағзаңызға не жетіспейтінін біліңіз