Жазғы каникул - демалысқа арналуы керек уақыт. Заманауи әлемде балалардың бос уақыты аз. Көпшілік ата-ана бала өзінің "лайықты демалысында" да оқуы керек деп ойлайды. Балаға каникулда да сабақ оқыту керек пе? Бұл сұраққа педагог Анжелика Цимбалару "Styler"-ге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Педагогтың айтуынша, оқу - ауыр жұмыс.
"Ғалымдар оқу кезіндегі жүктеме шахтердің жұмысы кезіндегідей қиын. Сондықтан каникул 24 күн емес, оқу жылында (қыркүйектен мамырға дейін) 30 күнтізбелік күннен аз емес уақытқа және жазғы үш айға созылуы керек. Мамандар балалар оқу кезіндегі жүктемеден соң сапалы демалуға осыншама уақыт керек екенін анықтады", - дейді ол.
Себебі мектеп жасында қатты шаршау көптеген созылмалы аурулардың пайда болуына, соның ішінде психикалық бұзылысқа әкелуі мүмкін.
Ал сапалы ұйымдастырылған демалыс сауықтырып қана қоймай, оның оқу мүмкіндіктерін, танымдық қызығушылығын арттырады.
Кей сабақтарды каникулда да оқуды (ата-анамен, репетитормен немесе басқа да әдіспен) жалғастыру әдетте кері нәтиже береді.
"Ересектер бұл жағдайды жақсы түсінеді. Мысалы, еңбек демалысы кезінде жұмысыңызды ары қарай жалғастыруды сұрайды. Тек кеңседе емес, үйде жасайсыз. Бұл сізге де ұнамауы мүмкін", - дейді Анжелика Цимбалару.
Бірақ бұл бала каникулда тек тамақ жеп, ұйықтап, барлық бос уақытында компьютер немесе теледидар алдында өткізу керек деген сөз емес.
Педагогтың айтуынша, каникул - бұл өзіңді сүйікті істеріңде жүзеге асыратын уақыт.
Маманның айтуынша, бала бірінші кезекше шығармашылықпен айналысуы керек.
"Баламен қызықты және пайдалы уақыт өткізіңіз. Баланы сөзбен емес, өз үлгіңізбен оқыту керек. Сол кезде сау, бақытты бала 1 қыркүйекті жаңа күшпен тағатсыздана күтетін болады", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз