Балабақшаларда жаңа жоба іске қосылмақ

Балабақшаларда жаңа жоба іске қосылмақ
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда балабақшалар балаларды ерте жастан еңбекке баулиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биылғы оқу жылында "Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу" жобасы іске қосылмақ. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4-5 жастағы балаларды қамтиды.

"Жобаның мақсаты - балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ, еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету", - деп жазылған хабарламада.

Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget