Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері қанша?

Бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға өскен.

Бала тууға байланысты биылғы жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын мына мөлшерде жәрдемақы төленеді:

  • бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Еске салайық, бұған дейін көпбалалы отбасылар қанша теңге жәрдемақы алатыны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз