Өзбекстанда бала туғанда берілетін сүйінші жәрдемақы көлемі жыл сайын қысқарып бара жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстанда 2024 жылы 382,4 млрд сум берілген. Былтыр 275 млрд сумға, ал биыл 229,8 млрд сумға дейін азайған.
Өзбекстан үкіметі әлеуметтік шығынды үшінші жыл қатарынан қысқартып жатыр. Жаңа ережеге сәйкес енді отбасында бірінші бала туғанда ғана жәрдемақы беріледі. Бірақ әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдау бұрынғыдай қала береді.
2025 жылы республикалық бюджеттен бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны 312,2 мың адам алған. Бұл мақсатқа 56,4 миллиард теңге бөлінген.
Қазақстанда жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты есептеледі:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!