“Бақыттан басым айналып тұр“. Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады

“Бақыттан басым айналып тұр“. Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі немерелі болғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.

"Сүйінші-і-і, қазағым, немерелі болды-ы-ым. Сіздерге де жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі.

"Бауы берік болсын", "Ұзағынан сүйіндірсін! Бізге де жұғысты болсын", "Артынан ұл-қыздар ере берсін!" - деді олар.

Еске салайық, былтыр әншінің ұлы үйленіп, той жасаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget