Бақыт деңгейін арттырудың ғылыми дәлелденген бес тәсілі аталды

Бақыт деңгейін арттырудың ғылыми дәлелденген бес тәсілі аталды
Фото: depositphotos.com

Дәрігер-терапевт әрі нутрициолог Ирина Тюрина бақыт деңгейін арттырудың ғылыммен дәлелденген бес тәсілін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Тюринаның сөзінше, медицина тұрғысынан алғанда бақыт күйі - жай ғана эмоция емес, ағзадағы күрделі биохимиялық реакция. Бұл үдерісте төрт негізгі нейромедиатор маңызды рөл атқарады: дофамин, серотонин, эндорфиндер және окситоцин. Сонымен қатар, бұл жүйеде триптофанның орны ерекше: ол - серотонин синтезі үшін қажет аминқышқылы. Триптофанның жеткілікті болуы ішкі тыныштық пен эмоциялық тұрақтылыққа едәуір әсер етеді. Осыған байланысты дәрігер күнді күйзеліссіз бастауға тырысуға шақырды.

"Егер таң алаңдататын жаңалықтардан, асығыстық пен бей-берекеттен басталса, кортизол деңгейі күрт өседі де, ағзаның "қуаныш режимін" қосуына кедергі келтіреді. Күнді тыныш бастаңыз: жеңіл әуенмен оянып, терезе алдында бір шыны кофе немесе хош иісті шай ішіп, таңғы жарыққа бірнеше минут көңіл бөліңіз. Осындай қарапайым дағдылар күйзелісті азайтып, дофаминнің бөлінуіне ықпал етеді", - деп түсіндірді ол.

Маманның айтуынша, бақыттырақ болуға күндіз 15 минут серуендеу және бірнеше минут күлу де көмектеседі. Бұл қарапайым әрекеттер табиғи "антидепрессанттардың" - серотонин мен эндорфиндердің деңгейін көтереді. Бұдан бөлек, серуен ми жұмысын "қайта іске қосуға" ықпал етеді: қозғалыс кезінде шығармашылыққа жауап беретін аймақтар белсенеді, ал күлкі тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын күшейтіп, миға қан баруын жақсартады әрі "бақыт гормондарының" бөлінуін арттырады.

Дәрігер жыныстық белсенділікті жиілетіп, сүйікті әнді көп тыңдаға ұсынды.

"Дұрыс таңдалған ырғақ дофаминнің бөлінуін күшейтіп, кортизол деңгейін төмендетеді. Ал музыка тыңдау кезінде билеп қозғалсаңыз, әсері арта түседі", - деп атап өтті Тюрина.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget