Бағасы қолжетімді, бірақ ағзаға пайдасы мол өнімдер аталды

Нутрициолог Марина Степаненко бағасы қолжетімді, бірақ ағзаға берері мол бірнеше өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, теңіз қырыққабаты – өте пайдалы өнім. 100 грамында йодтың тәуліктік мөлшері бар. Бұдан бөлек, ол магнийге, калийге, темірге, сондай-ақ, В тобының дәрумендеріне де бай.

Степаненко көп адам мән бере бермейтін тағы бір өнім ретінде тұтас кепкен бұршақты атады. Ол өсімдік ақуызы мен тағамдық талшыққа бай. Ал талшық қандағы қантты және холестеринді тұрақты етуге көмектеседі.

Тізімге зығыр тұқымы да кірді. Ол омега-3 май қышқылдарына және антиоксиданттарға бай, жүрек пен мидың саулығын қолдап, ағзадағы қабынуды басуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, нутрициолог қолжетімді балықты, соның ішінде майшабақты жиірек жеуге кеңес береді. Ал сиыр бауырын ол "табиғи мультивитамин" деп сипаттады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!