Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды марқұм анасы мен әйелінің видеосын әлеуметтік желіге салып, жұрттың ықыласына бөленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Марқұм анамның үнемі айтатын сөзі
"БАҚЫТ БАТАДА БАЛАМ"Көп сауап аламын және жолым ашылсын десең
ата-анаңа қызмет жаса.
Барынша жақсы көр.
Көңіліне қаяу түсірме.
Қуантуға тырыс.
Батасын ал.
Кейін,қап әттеген-ай деп өкінбеу үшін", - деп жазды актер.
Еске салайық, жақында актер Азамат Сатыбалды анасының өмірден өткенін айтып жазба жариялаған болатын.