Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева өз інісі мен қайын інісіне су жаңа көлік сыйлады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзімен бірге жұмыс істеп жүрген туған бауыры мен қайын інісіне көлік сыйлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жариялады. 

"Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз… 5 адамға 5000 теңгеден стоп арқылы сыйлаймын", – деп жазды ол желіде. 

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, екеуі де сыйлыққа су жаңа көлік алатынын білмепті. 

"Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз", – деген ол, қос інісінің қуанышты сәтін видеоға түсіріп алыпты. 

Желі қолданушылары "Бізге де бауырларымызды осылай қуанту нәсіп етсін", "Себепсіз қуанту – Алланың сүйген құлының ісі. Алла ісіңізге береке берсін", "Бауырдың орны әрқашан бөлек, ал олардың қуанғаны одан да бөлек", – деп пікір білдіріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін де Айнұр Тұрсынбаева туған інісі мен сіңлісінің қасында жүргенін көрсеткен болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз