Дулыға Ақмолда: «Өмірден трагедия жасауға болмайды»
Фото: Ернар Алмабек

Дулыға Ақмолда: «Өмірден трагедия жасауға болмайды»

Міне, бүгін әдеттегідей АЙНА жобасының 2-маусымының 7-ші шығарылымы жарық көріп отыр.

Бүгінгі қонағымыз – кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Дулыға Ақмолда.

Махаббаттың екі түрі болады дейді. Бірі – сол өзің сүйетін нысаннан басқаны көрмеу, мойындамау. Екіншісі – сол нысанға деген сезім тасып, шарасына сыймай төгіліп, айналасындағының бәріне бірдей шуақ шашуы.

Ал, туған жер мен ел адам өміріндегі махаббатың ең биігі дейтін болсақ, кей бауырларымыздың осы құндылықтарға деген сезімі махаббатың бірінші түріне көбірек ұқсайды. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің махаббаты ерек. Бұл, сірә, оның болмысының өзгелігінен болса керек.

Өнер жолында жер-жаһанды жиі шарлайтын актер жерұйықтың туған топырақ екенін айта отырып, әлемде қасиетсіз мекеннің жоқтығын да атап өтті. Ал, қазаққа тән қасиеттер хақындағы әңгімемізде ол өз ұлтын әлем жұртшылығынан бөлек ғалам ретінде қабылдамай, біртұтас адамзат баласындай көретінін айтты. Өмірге мұндай көзқараспен қарау Дулыға Ақмолданың терең білім негізінде қалыптасқан өзіндік философиясы мен ізгілікке толы жүрегінің белгісі болса керек. Оның Тәңірге деген сезімі де дәл сондай. Тек Тәңірге, туған жерге, тілге, дінге, ата-ана, сүйген жар, келер ұрпаққа деген шын, таза сүйіспеншілік қана өзге құбылыстың бәріне де сол нұрға толы жанармен қарауға себеп болады.

Алдыңғы шығарылымдар:

Бақыт Беделхан: «Бұл шақ — өз бақытың үшін өмір сүре алмайтын өтпелі кезең»

Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»

Айна. Қабдеш Жұмаділов: «Мен сүргінге кетерде Әуезов батасын берді»

Айна. Ақберен Елгезек: «Поэзияның миссиясы – Тәңірді тану»

Айна. Салтанат Қалиева: «Тәңірдің маған жоспарлаған миссиясын іздеп келем»

А. Оралқызы