Сәкен Майғазиев: «Ұлылармен жақын араласудан қорқамын»

Сәкен Майғазиев: «Ұлылармен жақын араласудан қорқамын»
Фото: Ернар Алмабек

“АЙНА” бағдарламасының көрермендерінен сүйінші сұраймыз! Өзіңіз асыға күткен жоба екінші маусымының алғашқы шығарылымын назарларыңызға ұсынып отыр. 
Оның шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрадамыздағы танымал «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ағамыз ашады. 

Бал тілді балалығында ата-әже тәрбиесімен қоса, ата-ананың ерекше ықылысына бөленіп өскен болашақ әнші қырықтың қырқасында хас азаматқа ғана тән қасиеттің барлығын бойына сіңірген. Өнерпаздың тынымсыз өмірінде жолығатын әр адам мен орын алатын кез-келген құбылыстан үлгі алып, ой түюге дағдыланған.
Қойылған сұрақтарға берген әдемі жауаптары осы тәжірибенің нәтижесі  болса керек. Олар сізді бейжай қалдырмасы анық. Ендеше, қабыл алыңыз. 



Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде жастарға үлгі болар тұлғалардың ішкі сыр-сандығына үңілу арқылы бар болмысын паш етіп жөн сілтер дүние ұсыну мақсатында 
Massaget.kz порталы жаңа “АЙНА” жобасын қолға алған болатын. 

“АЙНА” жобасы ешкімді сынамайды, ешкімге ақыл айтпайды, ешкімді жеке өмірі туралы сұрап, тығырыққа тіремейді. Өйткені бізді қызықтыратыны ол емес. АЙНА-ның сұрайтыны – тұлғаның рухани байлығы. АЙНА-ға қарап кімнің кім екені туралы өзіңіз ой түйіп, өзіңіз шешім қабылдаңыз.

Міне, күні бүгінге дейін “АЙНА” алдынан 19 қонақ өтіп үлгерді. 

Алдыңғы шығарылымдарын көре отырыңыз:

Айна. Сатыбалды Нарымбетов: «Атақтың бақ не сор екені парасатқа байланысты»

Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»

Айна. Қабдеш Жұмаділов: «Мен сүргінге кетерде Әуезов батасын берді»

Айна. Ақберен Елгезек: «Поэзияның миссиясы – Тәңірді тану»

Қалған шығарылымдарды сілтеме бойынша көре аласыз.

А. Оралқызы