Айна. Күнсұлу Шаяхметова: «Өзіме ұнаған қойылымды екінші рет көрмеймін»

Айна. Күнсұлу Шаяхметова: «Өзіме ұнаған қойылымды екінші рет көрмеймін»
Фото: massaget.kz

Массагет қазақ жастар порталының «АЙНА» жаңа жобасын асыға күтетін көрермендерді кезекті шығарылыммен қуантқалы отырмыз. Жастардың ақпараттық талғамын қалыптастырып, ізгілікке деген құлшынысын арттыруды мақсат тұтқан бағдарламаның 7-ші шығарылымына келген алғашқы нәзік жанды қонағымыз  актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы.

Өзгелерден ерекшеленіп, оқ бойы озық тұратын айрықша харизмасына арбалмау мүмкін емес. Талай тарланнан тәрбие алып, тағдыр жолынан тәжірибе жиған актрисаның ойлары шығыс әйеліне тән даналықтан туатыны анық байқалады. Күнсұлу ханымның салмақты сөзі мен орамды ойларынан бөлек, әуезді үні құлақ құрышын қандырып, әсем келбеті көздің жауын алады. Қарап отырып қазақ аруына тән ақылдылығы мен қылықтылығына шын тәнті боласыз. 

Сұлулық пен даналықты бір бойына жиған актрисаның бір қарағанға нәзік, әлсіз көрінетіні рас. Алайда, оның жүрегіне терең үңілген жан рухының биіктігіне куә болады.

Көркем мінез Күнсұлу ханымның өзіндей назды әңгімесін бірге тыңдайық, достар.


Алдыңғы шығарылымдарын көре отырыңыз:

Айна. Сатыбалды Нарымбетов: «Атақтың бақ не сор екені парасатқа байланысты»

Айна. Қуандық Рахым: «Менің ең жақсы қасиетім — қазақилығым»

Айна.Серік Жанболат: «Ер жігіттің ең асыл қасиеті – табандылық»

Айна. Жігер Ауыпбаев: «Сағың сынбасын»

Айна. Есмұхан Обаев: «Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн»

Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»

А. Оралқызы