- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Айқай шығармай, балалардың...
"Айқай шығармай, балалардың жүйкесін тоздырмай, көшіп кетуге болатын еді". Продюсер Алуа Қонарова Әйтеновтің әйелін айыптады
Танымал продюсер Алуа Қонарова балаларымен бірге әйелін үйден қуып шыққан Марат Әйтеновтің ісіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеді. Ол оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жариялаған болатын. Бұл видео Желіде қызу талқыға түсіп, Марат Әйтеновті полиция ұстады.
Кейін Марат Әйтеновтің бірінші әйелі - Ләйлә Мирас бала-шағасы үшін жұртшылыққа мәлімдеме жасауды ұйғарғанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда экс-күйеуіне жала жабылып жатыр. 41 жастағы Лейла Мирас қазір Түркияда тұрады. Әйтеновтен үш баласы бар.
Ләйлә Мирастың мәлімдемесінің астына танымал продюсер Алуа Қонарова бұған қатысты өзінің пікірін қалдырды.
"Намыс болу керек қой. Еркек басқаға кетті, табалдырыққа жатып алып, айқай шығарудың не қажеті бар? Үндемей, жаңа үйге кетіп, жұмыс жасап, балаларыңның және өзіңнің эмоционалды саулығын сақтаған дұрыс емес пе? Бұл әрекеті арқылы өзін төмендетіп отыр", - деп жазды продюсер.
Сондай-ақ продюсер өзінің инстаграм-парақшасында ойын жалғастырды.
"Мен бұл іске араласқым келмеді. Себебі қазір өзімнің де проблемам жетеді, оған қоса жұмысым бар. Алайда құрбым мен оның балалары үшін өз ойымды айтамын деп шештім. Себебі әлеуметтік желіде бәрі оның балаларының әкесін айыптап жатыр. Сондай-ақ бұл тақырыпты зерттей келе көп нәрсе түсінікті болды. Жасырын фактілер бар. Менің Әйтеновте шаруам жоқ. Мен екі отбасыдағы балалар үшін ғана алаңдаймын.
Дананың балалармен қорғануы дұрыс емес. Балама үй тұрғанда айқай шығармай, балалардың жүйкесін тоздырмай, көшіп кетуге болатын еді. Жұмыс жасап, қандай да бір іспен айналысып, саяхаттауға, балаларға жағдай жасауға болады. Мен Әйтеновті жеке танымаймын, бірақ ол балаларын жақсы көретінін білемін, құрбымның да үш баласы бар. Ол бірде-бір рет айқай шығарған жоқ, тыныш ажырасып кетті", - деді Алуа Қонарова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова