Айгүл Қосанова қартаймауының құпиясын бөлісті

Айгүл Қосанова қартаймауының құпиясын бөлісті
Фото: instagram

Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова қартаймауының құпиясын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Жібек жолы" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Мен қартаюды ұмытқан жоқпын. Қартайып келе жатырмын. Бірақ өнер адамы болғаннан кейін шамамыз келгенше күтінеміз. Бірақ қартаю процесі бар", - дейді әнші.

Сонымен қатар, әнші көптен бері көрінбей кетуінің себебін айтты.

"Қазіргі жұмысым – ұстаздық. Ұлттық консерваторияны бітірген жылдан бастап ұстаздық қызмет атқарамынн. Екі жылдан кейін ұстаз болып жүргеніме 30 жыл болады", - дейді Айгүл Қосанова.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz