- Негізгі бет
- LifeStyle
- Айгүл Иманбаеваның жемқорлық...
Айгүл Иманбаеваның жемқорлық туралы видеосы қызу талқыға түсті
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жемқорлық мәселесі төңірегінде түсірілген видео жариялады. Алайда бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоның астында "Елімізде жемқорлық жойылуы үшін алдымен өзімізден бастайық" деп жазылған.
Видеода Айгүл Иманбаева көшеде өтіп бара жатқан жігітті тоқтатып, одан елімізде дәл қазіргі уақыттағы жемқорлық деңгейі туралы сұрайды. Ал жас жігіт жемқорлықтың ұлғайғанын айтады.
Содан кейін Айгүл Иманбаева камераны өшіртіп, жігітке керісінше жауап беруді өтінеді де, оның қолына ақша ұстатады. Ал жас жігіт еш ойланбастан келісіп, жоғарыдағы сұраққа басқаша жауап береді.
"Біздің елде қазір жемқорлық едәуір төмендеді. Өйткені Антикор жұмыс істеп жатыр. Жемқорлық – жақсы нәрсе емес. Дегенмен әр адам өзінен бастау керек. Әлемді өзгерткісі келген адам әуелі өзін өзгертуі керек", - деді жас жігіт.
Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік әртістің видеоны орыс тілінде түсіргені үшін және бұл әрекетімен басқаларға үлгі беруі мүмкін екенін айтып айыптады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова