“Айгүл“ ансамблінің солисі“. Айгүл Иманбаеваның енесі де әнші болып шықты

“Айгүл“ ансамблінің солисі“. Айгүл Иманбаеваның енесі де әнші болып шықты
Фото: instagram/ aigul_imanbayeva

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева енесінің кім екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің енесі де өнерден құралақан емес болып шықты. Айгүл Иманбаева бұл туралы Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында айтты. 

"Жолдасым "Айтпақшы менің мамам әнші ғой", - деді бір күні. "Аты кім?" дедім. "Ақжан Жайсаңбаева, "Айгүл" ансамблінің ең алғашқы солисі деді жолдасым. "Менің атымды «Айгүл» ансамблінің құрметіне қойған. Бұл қалай сонда?" деп қатты таңғалдым. Сонда барып АллаТағаланың бұл азаматты менің маңдайыма жазғанын түсіндім. Тек ол да үйленіп, өмірге қыз келуі керек болды. Менің де тұрмыс құрып, өмірге ұлым келуі керек болды. Екеуміз өмірді сүріп, өмірдің мән-мағынасын түсініп, толысып барып кездесуіміз керек болған екен", - деп ағынан жарылды әнші. 

Еске салайық, бағдарламаның толық нұсқасы жақында жарияланады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева