- Негізгі бет
- LifeStyle
- Әйелінің туған күніне...
Әйелінің туған күніне деп есекпен гүл тасыған ер адам көпшілікті тәнті етті
Фото:
видеодан алынған скрин
Қазақстандықтың әйелін, сонымен қатар, айналасындағылардың бәрін қуантқан құттықтауы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Жұбайын туған күнімен құттықтау үшін ер адам жолдасы жұмыс істейтін мектепке есек мініп келді. Әрине, бұл ақ боз ат емес, бірақта қазақстандықтың романтикалық іс-әрекетін мүлдем төмендетпейді.
Сүйіктісі келгеннен кейін ауыл тұрғыны есегінен түспей, айналасындағылардың қол шапалақтауымен оған 47 раушан гүл шоғы мен торт берді. Куәгерлер шынайы махаббат осылай көрінуі керек екенін айтқан.
@user2613524725732 ♬ оригинальный звук - user2613524725732
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов