Барлық әйел бірдей опасыздықты кешіре алмайды. Ал осы қадамға дайын әйелдер серігінің өкінетініне және болашақта мұндай қателік жібермейтініне сенімді болғысы келеді. Бірақ кейде ер адамдар өздерін кінәлі сезінбейді. Оның қандай себептері болуы мүмкін?
Ол жаман әрекетке бардым деп ойламайды
Кей ер адамдар үшін көзге шөп салуды орынсыз нәрсе деп санамайды. Мысалы, ол серігінің көзіне шөп салуды қалыпты нәрсе деп санаған ортада өскен болуы мүмкін. Бірақ бұл ер адамға түсіністікпен қарау керек деген сөз емес. Ең алдымен, өзіңіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызды ескеріңіз.
Сондай-ақ әр адам "опасыздық" түсінігін әртүрлі қабылдайды. Мысалы, сіз жігітіңіздің басқа қызбен желіде сөйлескенін опасыздық деп қабылдасаңыз, ол оны олай санамауы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынастың басында осы жайлы ашық сөйлесіп, бір шешімге келген дұрыс.
Ол сіздің сезімдеріңізге мән бермейді
Оған екеуіңіздің қарым-қатынасыңыз маңызды емес. Оған сізбен бірге ыңғайлы, сондықтан сізбен ажыраспайды. Сол үшін де ол сіздің көзіңізге шөп салып, өзін кінәлі сезінбейді. Ер адамның сізді құрметтемейтінін оның басқа да әрекеттерінен байқауға болады. Мысалы, басқалардың көзінше сізбен қалай сөйлеседі немесе сізге қаншалықты жиі қамқорлық жасайды?
Ол өзінің кінәлі екенін түсінеді, бірақ оны жасырады
Кейде ер адам өзінің кінәлі екенін түсінсе де, оны сізге білдіртпейді. Өйткені, ол әлсіз болып көрінемін немесе отбасындағы беделімді түсіріп аламын деп ойлауы мүмкін.
Ол сізді бұрыннан алдап жүр
Ер адам жүйелі түрде көзге шөп салса, ол өзінің бұл әрекеті жайлы өкінбейді. Себебі ол бұл кезеңнен баяғыда өтіп кетті. Ал қазір бірден бірнеше әйелге бара алатынынан ләззат алады. Оны ер адамның мына әрекеттерінен байқауға болады. Оның айналасында әйелдер көп немесе бұрынғы қарым-қатынасында серігінің көзіне шөп салып ұсталды. Сондай-ақ мұндай ер адам өзінің қызына/әйеліне сенбейді, себебі ол да оған опасыздық жасайды деп ойлайды.
Ол бәріне сізді кінәлайды
Мысалы, ер адам оның серігі оған жеткілікті уақыт бөлмегендіктен (мені төмен түсіретіндіктен, бағаламайтындықтан және т.б), басқа әйелге бардым деп ойлайды.
Оқи отырыңыз: Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің бес белгісі