Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ғалым Асқар Жұмаділдаев алғашқы жары мен ұлы туралы "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асқар Жұмаділдаев әйелінің бейітінің басына бармайтынын айтты.
"Алғашқы жарым Құралайға бір дұрыс гүл бере алмадым. Мүмкіндік болды, бірақ не болатынын білмедік қой. Қазір жеңгелерің де бар, бәрі бар. Бірақ жалпы ешкімге гүл бермеймін. Той да тойламаймын, тойға да бармаймын. Қайғыратын болсаң - өзің қайғыр, ұстанымым осы. Бұл менің мәңгілік жүрегімде қалатын нәрсе ғой. Әйелімнің басына бармаймын. Бұл - ауыр", - деді ғалым.
Үлкен ұлы қайтқан соң ғалым өлең жазып, шерін солай шығарған.
"Тұңғыш ұлым Арман 13 жасында қайтты ғой. Үш айдай қатты қиналдым. Біраз уақыттан кейін шабыт келді де, біршама өлең жазып тастадым. Жазған ең үлкен шығармашылығым осы. Содан кейін жазғаным жоқ. Өлеңге бір кіріп кетсең, шыға алмай қалады екенсің. Сол үшін өлең жазуды тоқтаттым", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!