Танымал әнші Серік Ибрагимов Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, өмірлік жарымен тойда танысып, ғашық болып қалған. Бүгінде ол - үш баланың әкесі. Сондай-ақ, өнер иесі отбасылық бюджеті туралы айтты.
"Бізде ақша ұсталмайды, бірден жаратылып кетеді. Әйелім ақшаны күшті жинайды. Әйелімнің арқасында үй алып қалдық. Менде болса шашамын. Бірден жоқ қылып жіберемін", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова