- Негізгі бет
- LifeStyle
- Әйелдер жүрек ауруына...
Әйелдер жүрек ауруына шалдықпас үшін қандай әдеттен аулақ болуы керек?
Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғалымдары ұйқысыздық пен әйелдердегі жүрек ауруы дамуының жоғары қаупінің арасында байланыс бар екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.
Мамандар мыңға жуық Нью-Йорк тұрғындарын (әйелдерді) тексеріп, олардың арасынан әдетте тәулігіне 7-8 сағаттан ұйықтайтын 35 қатысушыны таңдап алады. 12-апталық зерттеу барысында алғашқы 6 апта әйелдер өздерінің үйреншікті режимі бойынша ұйықтады, ал қалған 6 апта әдеттегіден 1,5 сағатқа аз ұйықтады. Түнгі ұйқының сапасы медициналық трекерлер көмегімен бекітіліп отырды.
Зерттеу ұйқыны азайтқан 6 аптадан соң қан тамырларды төсеп тұратын жасушалар зақымдаушы тотықтырыштармен толып қалғанын көрсетті. Ұйқысыздық ағзаның бұзушы молекулараларды кетіретін антиоксиданттық реакциясын іске қоса алмауына әкелген.
"Бұл ұйқының бірқалыпты жетіспеуі жүрек ауруын тудыратынына тікелей дәлел. Адамдар тәулігіне ең болмағанда 7-8 сағат ұйықтаса, көптеген проблеманы шешуге болатын еді", - дейді зерттеу басшысы және медициналық ғылымдар докторы Санья Джелич.
Зерттеу Scientific Reports ғылыми журналына жарияланған.
Оқи отырыңыз: Адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі
А. Жапатова