- Негізгі бет
- LifeStyle
- Әйел адам сақтану...
Әйел адам сақтану үшін "спираль" салуына бола ма? Имам жауабы
Әйел адам сақтану үшін "спираль" салуына бола ма? Бұл сұраққа Fatua_kz-ке Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман "спираль" салдырудың дінде белгіленген шарттарын атап өтті.
"Спираль салу шариғат тұрғысынан рұқсат, бірақ шарттары бар. Спираль демекші, бұл енді ұрпақтың бөгелуі немесе кешігуі. Дінімізде әртүрлі жолдармен (мысалы, кестіру арқылы болсын) ұрпақты түбегейлі тыйып тастау - ол харам. Ал енді денсаулыққа байланысты ер мен әйел өзара келісе отырып, уақытша өзіне күтім жасау мақсатында спираль салдырса немесе ер адам болсын, әйел болсын сақтану жолдарын қолданса, бұл шариғат бойынша рұқсат етіледі. Яғни белгілі бір себептерге, денсаулық күтіміне, емделуге немесе баланы жақында босануына байланысты спираль салдыру немесе сақтану жолдарын қолдану арқылы сақтануына дінде рұқсат", - дейді Елбек Тасболатұлы.
Мәһр деген не және оны не үшін сұрайды?
А. Жапатова