Аяз басылады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 29, 30, 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боран, көктайғақ

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек елдің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар болжанып отыр. Сонымен қатар, боран соғып, көктайғақ болады.

31 қаңтарда Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы

Республиканың барлық аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 31 қаңтарда күндіз батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде -5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта -2°С-тан -10°С-қа дейін жетеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!