Аяқтың үнемі тоңуы қандай аурудың белгісі болуы мүмкін?

Аяқтың үнемі тоңуы қандай аурудың белгісі болуы мүмкін?
Фото: depositphotos.com

Жүншұлық кигеннің өзінде аяқтың үнемі тоңса, бұл қан айналымының бұзылғанын білдіруі мүмкін. Бұл туралы невролог Екатерина Демьяновская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ауа температурасы төмендегенде жүйке жүйесінің әсерінен шеткі қан тамырлары тарылады. Ағза ішкі мүшелердің жылуын сақтауға тырысатындықтан, аяқ бірінші кезекте тоңады", – деп түсіндірді дәрігер.

Маманның айтуынша, аяқтың жиі тоңуына Рейно синдромы, қалқанша без қызметінің төмендеуі немесе қаназдық та себеп болуы мүмкін. Рейно синдромы кезінде қан тамырлары тарылып, қан айналымы нашарлайды. Сондай-ақ, аяқтағы жүйке талшықтарының қызметі бұзылғанда да осындай белгі байқалуы ықтимал.

Невролог аяғы үнемі тоңатын адамдарға міндетті түрде дәрігерге қаралуға кеңес берді. Тексеру барысында маман екі аяқтың бірдей тоңатынын немесе тері түсінің өзгеретінін анықтайды. Әсіресе, екі аяқтың біреуі ғана тоңса, оған бейжай қарамаған жөн.

"Егер аяқ бозарып немесе көгеріп, қатты ауырса, ісініп, жансызданса, бұл қан айналымының күрт бұзылғанын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет", – деді маман.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget