- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Аяқтың ісінуі, іш...
"Аяқтың ісінуі, іш қату". Қанайналым бұзылғанын көрсететін 8 белгі
Қанайналымның бұзылуы - қарт кісілер де, жастар да шалдығатын қауіпті проблема. Қанайналым бұзылса, басқа қауіпті аурулар пайда болуы және хал-жағдай нашарлауы мүмкін. Сондықтан оның белгілерін уақытында анықтап алған жөн. Қанайналымның бұзылғанын қандай белгілерден көруге болады?
Аяқ-қолдың жансыздануы және шаншып ауыруы
Дененің жансыздануы мен шаншып ауыруын жиі жүйкелердің қысылып қалуымен немесе анемиямен байланыстырады. Бірақ бұл жағымсыз сезім жылдам және өз-өзімен кетіп қалса, уайымдаудың қажеті жоқ. Егер бұлай жүйелі түрде ауыра берсе және ұзаққа дейін кетпесе, дәрігерге көріну керек. Бұл белгі қанайналымның бұзылғанын немесе басқа да патологияларды көрсетуі мүмкін.
Аяқтың ісіп кетуі
Аяқ ісінгенде ауырлық сезінесіз. Оның үстіне ісінудің үстін басқанда ол жер ойылып, ол орнына баяу келеді. Нашар қанайналым қан тамырлар проблемасымен байланысты болғандықтан, варикозы бар адамдар қауіп тобына кіреді.
Аяқ пен қол саусақтарының салқын болуы
Қанайналым проблемасының айқын белгілерінің бірі - аяқ пен қол саусақтарының үнемі салқын болуы. Ол қан тамырлар тарылуынан болуы мүмкін. Саусақтар көгеріп, ауыруы да мүмкін.
Шаш пен тырнақтың сынғыш болуы
Қанмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауына әкеледі. Шаш пен тырнақ жақсы өсуі үшін қоректік заттар мен оттек керек. Егер қанайналым нашар болса, олар оны ала алмайды.
Терінің бозаруы
Қанайналым бұзылса, бет пен дене терісі бозарып кетуі мүмкін. Әсіресе, ерін, құлақ, қол білегі және табан терісі өзгереді.
Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
Созылмалы шаршаңқылық қанайналым проблемасын білдіруі мүмкін. Мидың қалыпты жұмыс істеуіне үздіксіз қанайналым қажет. Егер қан нашар келсе, бізге зейін қою немесе жаңа ақпарат меңгеру қиындай түседі.
Бұлшықеттердің ауыруы
Нашар қанайналым тіндерге және бұлшықеттерге оттек жетіспеуіне әкеледі. Ол балтыр бұлшықетінің түйілуіне себеп бола алады.
Іш қату
Ішкі органдардың қанмен қамтамасыз етілуі баяулаған кезде асқорыту жүйесі қиналады. Ол баяу жұмыс істей бастайды, ал ол іш қатуға әкелуі мүмкін.
А. Жапатова