Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, жобалардың бірінен қайтқан кезде Мейрамбек Бесбаев көлігі бар-жоғын сұраған.
"Бүгін Алланың қалауымен көлікті болып жатырмын. Бұл көліктің маған бұйыруы өте бір қызық болды. Аяқ астынан. Әнімді айтып боламын, бағдарламамыз бітеді. Біткеннен кейін үйге қайтатын уақытта Мейрамбек ағам "үйге қайтатын көлігің бар ғой, иә?" деп сұрады. Ойымда ештеңе жоқ, "иә, такси шақырып қойдым" дедім. "Таксиі несі?" деді де, сол жерден әңгіме бітті. Үйіме қайттым. Келесі күні жобаға сарапшы болып бардым. Қасында отырдым, бір уақытта ойламаған жерден ағам "кеше "көлігім жоқ" дегенің рас әңгіме ме?" деді. "Иә" дедім. Шындық қой, ұялатын нәрсе емес. "Бағдарлама біткен соң бөлмеме келіп кетші" деді. Барсам ағам отыр екен. "Сенің "көлігім жоқ" деген сөзің жүрегіме ауыр тиді. Маған картаңның 16 санын қалдыр, амандық болса, жақын күндері сый-cияпатымды жіберемін, соған ыңғайлап көлік ал" деді. Мен үшін үлкен сый, үлкен құрмет", - деді Еркеш Хасен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желідегі жұртшылық әншіні жарыса құттықтап жатыр: "Құтты болсын!", "Аға үлгі ғой. Еркеш інім, құтты көлік болсын", "Аллаһ берекесін жаудырсын", "Көлік құтты болсын! Ағамыз нағыз өнердің жанашыр азаматы ғой".
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова