Кей қыздарда мынадай проблема бар: диета ұстаса да, спортзалда жаттықса да, аяғын арықтата алмайды, керісінше, ол үлкейіп кетеді. Оның себебі неде болуы мүмкін?
Дұрыс жаттықпау
Кей қыздар аяғын арықтатқысы келіп, аяққа арналған жаттығуларға ғана зейін қояды. Дененің тек бір бөлігін жаттықтыру мүмкін емес. Керісінше, барлық бұлшықеттер тобына арналған жаттығуларды жасау керек және оларды кардиомен үйлестіру қажет.
Кардиожаттығуларды жақсы көрмеу
Аяқ сымбатты болуы үшін кардионың рөлі маңызды. Ол күнделікті жаттығу кестеңізде ең болмағанда 30 минут болуы керек. Ол велосипед, жүгіру, жүзу болуы мүмкін. Сондай-ақ жүру – аяқтағы артық майдан арылуға арналған ең жақсы жаттығу.
Артық тамақтану
Кей адамдардың аяғы арықтау үшін тамақты азырақ жеуі керек.
Қатаң диета
Тамақты жеткілікті түрде жемеу де "үлкен аяққа" әкелуі мүмкін. Себебі кез келген диета метаболизмді баяулатады. Метаболизм баяу болса, артық калорияны жағу да қиынырақ болады.
Гормондар проблемасы
Егер ешқанай әдіс көмектеспесе, денсаулығыңызда проблема бар болуы мүмкін. Гормонды тепе-теңсіздік арықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл кезде сізге эндокринолог көмектесе алады.