- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ай-ай, тұмарым" әнінің...
"Ай-ай, тұмарым" әнінің авторы ауыр дертке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрады
Танымал әнші, композитор Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, 15 жылдан бері ауру мазалап келеді.
"Айналайын, құрметті қазақ елім! 15 жылдан аса мазалаған, мүгедек қылған Паркинсон атты дерттің соңғы дәрежесіне шалдығып, 2 топтағы мүгедекке айналдым. Аса ауыр, мыйды, жүйке жүйесін құртатын токсикалық дәрілерді ішуге тура келеді, оларды ішпесем тіпті сөйлей алмай, жүре алмай, тамақты жұта алмай, қақала, шәшала беремін, тіпті осыдан 2 рет өлімнің аузынан қалғанмын". - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, әнші отбасының басына түскен қиын жағдайды да айтқан.
"Осыны жеңілдететін, мыйға арнайы құрылғы орнататын отаны туыс Туркия елінде арнайы, ірі, мықты емхана бар, мен сияқты жасыма байланысты, Альцгеймердің барына қарамастан ота жасайды екен. Арнайы консультация нәтижесінде олар маған ота жасауға дайын, құны қолжетпес сомма, яғни 29000$ тұрады. Оған біздің шамамыз келмейді. Оған қоса былтыр жарым, балаларымның анасы, жан-жолдасым марқұм боп кетті, оның алдында кішкене немерем де бақилық болған еді. Осы соңғы жылдар бізге тіпті ауыр соқты, шын айтқанда. Әрине, біз оны Жаратушымыздың жібереген сынағы деп біліп, көтеріп келеміз, бірақ пенде болғандықтан, өмірде қиналмай, балаларымды қинатпай, өз аяқтарыменен жүріп, өз-өзімді күткім келеді. Үмітсіз шайтан демекші, үміт үзбей сіздерден, өзімнің жанашыр, жомарт иманы берік халқымнан көмек сұраймын. Оған айып етпеңіздер айналайын жұртым, халқым, құрметті Қазақ елім!" - деп жазды ол.
Айта кетейік, Рамазан Елібаев - әнші әрі композитор. "Нұрекем", "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пайда", "Көздер-ай", "Жас Ұлан" әндерінің авторы және орындаушысы. Ол "Гүлдер" ансамблі құрамында өнер көрсеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова