Стоматолог Патрисия Кабо ауыз қуысының дұрыс күтімі тісті тіс щеткасымен тазалаумен ғана шектелмейтінін айтты. Бұл туралы El Confidencial басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, тіс тазалауда жиі жіберілетін негізгі қатенің бірі - тілді тазаламау. Оның айтуынша, ауыздан жағымсыз иіс шығуына көбіне тілдің бетінде жиналған бактериялар себеп болады.
"Тіл тазаланбаса, ауыз қуысының басқа бөліктеріне дұрыс күтім жасалғанның өзінде оның бетіне зиян микроағзалар жинала береді", - деді дәрігер.
Патрисия Кабо тілді де тіс сияқты күн сайын тазалауға кеңес берді. Әсіресе, ауыздан жағымсыз иіс шығатын адамдарға бұл әдетке ерекше мән берген жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова