Ауыр металдар асқазан-ішек жолына барады. Электр шәйнекті дұрыс қайнатудың жолы қандай?

Ауыр металдар асқазан-ішек жолына барады. Электр шәйнекті дұрыс қайнатудың жолы қандай?
Фото: freepik

Электр шәйнектері - ең танымал электр құрылғыларының бірі. Бір қарағанда шәйнекке су қайнату кәдуілгі іс болып көрінуі мүмкін. Алайда барлығы сіз ойлағандай оңай емес. Себебі электр шәйнектен қайнатылған су денсаулыққа зиянын тигізуі ықтимал. Мына 4 ережені есте сақтаңыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Шәйнекке ағын су құймаңыз

Құдықтан немесе краннан аққан суды шәйнекке құймаған абзал. Оның құрамында тым көп қоспалар, минералдар (магний, кальций, натрий), кейде ауыр металдар болуы мүмкін. Мұның бәрі құрылғының ішкі қабырғаларына қақ түрінде түзіліп, содан кейін шаймен бірге сіздің асқазан-ішек жолыңызға баруы мүмкін. Минералдардың мөлшерін азайту үшін мамандар шайнекке сүзілген немесе бөтелкедегі суды, ал оның қаттылығын жұмсарту үшін арнайы сүзгіні қолдануды ұсынады.


Бір суды бірнеше рет қайнатпаңыз

Тәжірибелі дәрігер Дарья Мешкованың айтуынша, суды үнемі қайнату судағы кальций мен магний сияқты минералды тұздардың концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, минералға бай суды үнемі тұтыну денсаулыққа зиянын тигізеді. Әсіресе бүйрек тастарының пайда болуына бейім адамдарда және осы органның жұмысында басқа да проблемалар бар жандарға бұл өте қауіпті. Сонымен қатар, қорғасын немесе мыс сияқты судағы металдардың көбеюі ұзақ мерзімді қолданыста денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Ең дұрысы шәйнекті қайнатпас бұрын түбіндегі суды төгіп, таза су құйыңыз. Себебі электр шайнектерін зерттеу нәтижелері көрсеткендей әрбір 12 сағаттан кейін су қайтадан қайнаған кезде суда қауіпті зат - формальдегид табылды. Сонымен қатар, кейбір шайнек модельдерінде судағы формальдегид мөлшерінің мәні өсті. 

Шәйнекте суды сақтамаңыз

Себебі жинақталған ауыр металдар, кальций тұздары шәйнектің ішкі бетіне зиянын келтіреді. Сонымен қатар судың құрамы мен дәміне әсер етеді. Сондықтан шәйнекте бір күннен артық тұрған суды пайдаланудың қажеті жоқ. Оңтайлы цикл: құйылды - қайнатылды - қалдықтар толығымен төгілді.

Қақты үнемі тазалап тұрыңыз

Алайда сіз осы ережелерді ұстанатын болсаңыз шәйнектің түбінде, қабырғаларында қақ бәрібір пайда болады. Сондықтан зиянды заттар суға және одан әрі асқазанға түспеуі үшін қақты үнемі тазалап тұрыңыз. Ол үшін 3 ас қасық сірке суын немесе 1-2 ас қасық лимон қышқылын қосып, шайнекке 2-3 кесе су қайнатуға болады. Осыдан кейін шәйнекті жақсылап шайыңыз. Содан соң шәйнекті таза сумен тағы 1-2 рет қайнатып төгіп тастаңыз.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов