• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Аутизмді ерте анықтау жолдары қандай? Маман кеңес берді

Аутизмді ерте анықтау жолдары қандай? Маман кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Алматыдағы аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының пікірінше, ата-аналар назар аударуы қажет алғашқы белгілердің қатарына мыналар жатады:

- тіктеп қарамау;
- өз атын атағанда назар аудармау;
- ым-ишара білдіре алмау;
- қол бұлғау, заттарды бір қатарға қою;
- қауіпті сезбеуі;
- агрессия.

Маманның сөзінше, ата-аналар осындай ерекшеліктерді неғұрлым ертерек байқап, мамандарға жүгінсе, баланың қоғамға еніп кету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. 

Марина Забродина аутизм белгілері бар балалармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін айтты:

  • сабырлы және мұқият болу;
  • баланың айналасын қауіпті заттардан тазарту;
  • бала мен оның ата-анасына шамадан тыс назар аудармау.

Сонымен қатар мұндай жағдайда ата-аналарға ескерту жасауға, кеңес беруге, балаға ойыншық немесе тамақ ұсынуға, айғайлауға немесе шұғыл қызметтерді себепсіз шақыруға болмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова