“Аутизм деген диагноз қойды“. Танымал әнші жан сырын ақтарды

Kezdesu-дің кезекті қонағы - әнші Жасұлан Базарбаев. Өнер иесі сұхбат барысында отбасы, қызы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші қызына қандай диагноз қойылғанын айтты.

"Сынақ дейміз, дәрігерлердің қатесі деп те ойлаймын. Өйткені тексермеді. Екпе салу үшін бала аурудан сау болуы керек, сол кезде ғана салуы керек. Менің қызым ауырып тұрды. Неге салдырды?! Бір емес, екі жыл салды. Әрине, күдіктенесің. Мүмкін одан емес шығар. Бірақ күдігім әлі сейілген емес. Мүмкін өзімнен болды. ...Қазір тоқтаусыз емдетіп жатырмыз. Негізгі диагноз - аутизм. Жеті жарым жыл тоқтамай айналысып келеміз", - деді әнші.

Жасұлан Базарбаев қызы үшін үй жалдап жүргенін де айтты.

"Өзімнің үйім бар, бірақ біреудің үйін жалдап отырмын. Өйткені жанында қызымның мектебі бар. Қызым қиналмасын, ертерек барып келсін деп жалдап отырмын. Кейде сыныпқа кірмей қалатыны бар, кейде ауруы қозып кететіні бар, кейде басын қабырғаға ұрып кететіні бар. Сол кезде жүгіріп барып алдын алу үшін, алып кету үшін, апарып тастау үшін пәтер жалдап тұрамыз", - деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!