Атырау облысы Полиция департаменті өкілі "атыраулық хакерге" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, 2025 жылы сәуірде полицияға алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз түскен, соған сүйеніп қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыстық іс төрт эпизодтан тұрады және Жангелдин ауылындағы отбасы жоғалуына қатысы жоқ. Қазір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, тергеу жалғасып жатыр", - деді ПД өкілі.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz