- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Әттеген-ай". Ләйлә Сұлтанқызы...
"Әттеген-ай". Ләйлә Сұлтанқызы үлкен өкінішін жеткізді
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен өкініші туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші жас кезінде білімге көбірек көңіл бөлмегеніне өкінетінін жазған.
"Менің үлкен өкінішім…
Шүкір, 25 жасымда бірініш рет шетелге шықтым (біреу үшін ерте, біреу үшін кеш болар).
Шүкір, әке-шешем оқытты, тоқытты.
Шүкір, 30-ға таяған шағымда тұрмысқа шығып, қазір 2 ұлдың анасымын.
Тірі жүріп, құдай ғұмыр берсе, жүрек қағысы дұрыс болса, әлі талай дүниені көріп, бастан өткізермін. Алға қойған мақсат/армандарымыз тағы бар дегендей…
Өкінішім, қытай тілін ары қарай дамытып оқымағаныма, қазір миыма кірмейді (сылтау да болар бәлкім)
Өкінішім, жас кезде көбірек оқуым керек еді. Білімге аямай инвестиция жасағанымда ғой… Әттеген-ай… Қазір уақытым мен мүмкіндігім, ресурсым да аздау сияқты. Отбасының, балалардың қамы бірінші орында.Мен сияқты өкінбес үшін, сіңілдеріме оқыңдар десем, әпкелеріме баланың біліміне бар күшіңді жұмса дер едім. Білімге салған инвестиция еселеніп қайтады…", - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Ененің келіні алдындағы парыздары қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә