"Атам тірі болғанда": Жиеніне сыйлық берген бойжеткеннің әрекеті жұртты тебірентті

Желіге @qasymbekova_gulzira лақап атымен танымал қолданушы енді қоныс аударған апа-жездесінің үйіне, әкесінің уәдесін орындауға келгенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода ол жиенінен "атаңды сағындың ба?" деп сұрайды. Кішкентай қыз сағынғанын, құран бағыштағысы келетінін айтады. Қолданушы "атаңның саған ұялы телефон алып берем дегенің білесің бе?" деп, сыйлығын ұсынады. Эмоцияға ерік берген кішкентай қыз қолданушыларды бір жылатып алды.

@qasymbekova_gulzira

Таба алған адамға , бақыт әр бір затта❤️

♬ оригинальный звук - Gulzira Qasymbekqyzi

Өзге қолданушылар "Эмоциям көп, не жазарымды білмей отырмын", "Мен неге қуанып, жылап отырмын" сынды пікірлер қалдырған.