- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ата-анасы жазалануы мүмкін:...
Ата-анасы жазалануы мүмкін: кәмелетке толмағандардың тойы жұртты шулатты
Өзбекстанда кәмелетке толмағандардың тойының арты дауға ұласты. Мәселеге балалар омбудсмені араласқан. Жас жұбайдың ата-аналарына жаза қолданылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рodrobno.uz порталының деректеріне сүйенсек, тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін ерлі-зайыпты кәмелетке толмағаны анықталған. Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста. Бұл желі қолданушылары арасында дау туғызды. Оған қоса бұл жағдайды ерекше бақылауына алған балалар омбудсменінің назарын аударды.
"Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілді", - деп жазылған портал мәліметінде.
Өзбекстанда жастар Отбасы кодексіне сәйкес 18 жастан бастап некеге тұра алады.
Бұған дейін осыған ұқсасс оқиға қазақстандықтарды да дүр сілкіндірген болатын. 2019 жылы әлеуметтік желілерде Ақтауда 15 жастағы жасөспірімдер үйленгені туралы ақпарат тарады. Құқық қорғау органдары тергеу барысында қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы 20-дан асқанын анықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова