Астрологтар 2023 жылдың соңына дейін кімдер байып кететінін айтты

Астрологтар 2023 жылдың соңына дейін кімдер байып кететінін айтты
Фото: Алихан Сариев

2023 жылдың екінші жартысына арналған жұлдызжорамал кей жұлдыз белгілері жақын айларда өздерінің материалдық жағдайын жақсарта алатынын көрсетеді. Ол жалақының көтерілуі, сыйлықақы, мұрагерлік және лотерея ұтып алу болуы мүмкін. Астрологтар 2023 жылдың соңына дейін байып кетуі мүмкін жұлдыз белгілерді атады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Rbc.ua-ға сілтеме жасап. 

Торпақ

2023 жылы Юпитер Торпақ белгісіне кіреді, ал ол бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген адамдарға сәттілік әкеледі. Әсіресе, жұмыс іздеп жүргендердің немесе жұмысын күзге қарай ауыстырғысы келетіндердің жолы болады.

Кәсіби қабілеттерді дамыту үшін жылдың екінші жартысы - сәтті кезең. Мансап бойынша өсуіңіз және басшылық қызметіне ұсыныс алуыңыз әбден мүмкін.

Бикеш

Бикештерде жаңа өмір кезеңі басталады: жылдың екінші жартысы күтпеген сәттерге толы болмақ. Мансапта жетістікке жетуіңіз мүмкін. Бикештердің шыдамдылығы мен мұқияттылығын әріптестері мен басшылықтың байқамауы мүмкін емес.

Қыркүйекте өте тиімді ұсыныс түсуі мүмкін: ол кірістің артуына ықпал етеді.

Таразы

Юпитер Таразыларға күзге таман қомақты ақша алуға көмектеседі. Бұл көптен бері кейінге қалдырып жүрген арманыңызды орындауға мүмкіндік береді.

Сізде күш пен энергия жеткілікті. Сондықтан жұмысыңызды ауыстыруға немесе жеке бизнесіңізді ашуға болады.

Ақшаны қалай үнемдеуге болады? 10 кеңес

А. Жапатова