Танымал журналист Дана Нұржігіт қазақтың Қыз Жібегі атанған актриса Меруерт Өтекешеваның жағдайына күйініп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші актрисаның осынша жыл пәтер жалдап жүруін "әділетсіздік" деп бағалады.
"Меруерт Өтекешеваның Майяға берген сұхбатын көріп, жүрегім қарс айырылды! Интеллигенция туралы айтқан сөзім Меруерт апамыз сияқты адамдар туралы! Жаным, апам-ау! Сұлу келбет, нәзік болмысыңызға Аллам қаншама асыл қасиетті үйіп берсе, сынақты да аямай төккен екен-ау! Меруерт апамыздың қарапайым тіршілік кешіп жүргенін іштей сезетінмін. Бірақ үй ішімен Астанада пәтер жалдап тұратыны - үш ұйықтасам, түсіме кірмейтін, ақылға сыймайтын әділетсіздік. Бұл сұхбат болмаса, ол айтпас та еді-ау, айналайын! Сондықтан Баян Мақсатқызы ай сайын жасаймын деген қаржылай көмегі бұл мәселенің бергі жағы ғана екен! ...Бұл ұрпақ - барға қанағат, жоққа шүкір деп өскен жанкешті ұрпақ. Жанына батып жатса да, үн қатып, алақан жаймайды, арланады. "Менен де жағдайы нашарлар бар ғой" дейді", - деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, жуырда Меруерт Өтекешева Баян Мақсатқызының сыйлығына қатысты пікір білдіріп, "Құман екеуміз өмір бойы халыққа еңбек еттік. Бізде бизнес болған жоқ, бір жалақыға қарап жұмыс істедік. Сондықтан Баян біздің жағдайымызды түсініп, осындай ізгі ниет танытып отыр деп ойлаймын" деген еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова