Астана туралы қызық деректер жарияланды

Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы қызық деректер ұсынды. Бүгінде бас қалада қанша адам тұрады, тұрғындардың орташа жасы қандай, Астанада әйелдер көп пе, ерлер ме – осы және өзге де мәліметтер Massaget.kz материалында топтастырылды.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елордада 1 674 699 адам тұрады. Астанада әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел және 790 670 ер адам.

2026 жылдың басындағы есеп бойынша елорда тұрғынының орташа жасы - 30,9.

2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Қазір елордада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрады. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.

Астана құрылыс саласындағы компаниялар саны бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр. Қалада бұл бағытта 18,5 мың компания тіркелген.

Ал қоғамдық тамақтану нысандарының саны бойынша елорда Алматыдан кейін екінші орында. Астанада 6819 кафе, мейрамхана және басқа да тамақтану орны бар.

Сонымен қатар, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!