Астана соты Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды

Астанада сот блогер және бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовті кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды.

"Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Рүстем Жүгінісов ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 78 640 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін ол Ақтөбе мешітінде болған оқиғаны талқылап, сынға қалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!