"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде −2...−4 градус, күндіз +6...+8 градус.
27 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс пен батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде −1...−3 градус, күндіз +7...+9 градус.
26 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде −3...−5 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +9...+11 градус болады.
27 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде −1...−3 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +11...+13 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!