Астана күнінде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде 448 сәби дүниеге келді
Фото: Midjourney

6 шілде - Астана күнінде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, оның ішінде 223-і - ұл бала, 225-і - қыз бала. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келген, олардың екеуі де Астана қаласында туған.

Ең көп нәресте (67 сәби) Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелген.

"Мамандар тәулік бойы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget