Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"20 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, 19 сәуірде де Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова