Астана, Алматы, тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"3 сәуірде Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Астанадағы ауа райы

3 сәуірде Астанада құбылмалы бұлтты болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +19...+21 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы

Алматыда да құбылмалы бұлтты болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус болса, күндіз +25...+27 градусқа дейін жылынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!