- Негізгі бет
- LifeStyle
- Аспаздар азық-түлікке ақша...
Аспаздар азық-түлікке ақша үнемдеуге көмектесетін лайфхактарды бөлісті
Азық-түліктің бағасы өсіп жатыр, сондықтан көпшілік адамда дәмді тамақтана отырып, қалай үнемдеуге болатыны жайлы сұрақ туады. Денсаулыққа зиян келтірмей, шығындарды қалай азайтамыз? Кәсіби аспаздар HuffPost басылымына тамаққа кететін шығынды азайтуға көмектесетін қарапайым лайфхактарды бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өзіңіз жақсы білетін дүкенге барыңыз
Танымайтын дүкенге тап болған кезде қажет тауарды ұзақ іздеп, соның арасында көзге түскен және арзан секілді көрінетін заттарды кәрзеңкеге сала бересіз. Ал жақсы білетін дүкеннің ішінде жүгіріп жүріп, қажетті тауар орналасқан жерге барып, бірден керегін аласыз және қажет емес өнімдерге алаңдамайсыз.
Тоңазытқыштың ішін суретке түсіріп алыңыз
Тек қажетті заттарды алуға көмектесетін қарапайым кеңес – дүкенге шығарда тоңазытқыштың ішін және азық-түлік тұратын шкафтың ішін суретке түсіріп алу. Ол жоспарланғаннан артық нәрсе сатып алмауға көмектеседі.
Кассаға жеткенге дейін өнімдердің бағаларын санап жүріңіз
Дүкен ішін адамдар көбірек өнім сатып алатындай етіп ұйымдастырады. Кей адамдар супермаркеттердің қулықтарын байқамайды. Сондықтан кәрзеңкеңізге салған өнімнің бағасын бірден есептеп (ұялы телефондағы калькулятормен) жүріңіз. Бұл өнімдерді ойланып алуға және артық ақша құртпауға көмектеседі.
Брендке қарап таңдау жасамаңыз
Көптеген сұйықмай тұрған сөреден автоматты түрде өзіңізге таныс немесе жарнамадан көрген тауарды алмаңыз. Әдетте, бөтелкелердің ішіндегі май бәрінде бірдей келеді. Оның орнына бағасы тиімді түрін алыңыз. Әрине, кей өнімдерді сенімді өндірушіден алған жөн. Бірақ көп жағдайда тауарлар арасындағы айырмашылық аз.
Азық-түлік алуға дүкенге өте ерте немесе өте кеш барыңыз
Аспаздар азық-түлік сатып алуға дүкенге таңертең ертемен немесе кешкісін жайырақ баратынын айтты. Кей дүкендерде осы уақытта тауарға деген бағаны түсіреді және бұл кезде дүкен ішінде адам аз болады.
Тауарды сөренің артқы жағынан алыңыз
Дүкендер сөренің артқы жағына жарамдылық мерзімі әлі ұзақ өнімдерді қояды да, жарамдылық мерзімінің өтуіне аз уақыт қалған өнімдерді бер жағына қояды.
30 күн бойы тәтті жемесеңіз не болады?
А. Жапатова