• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Асқазаныңыз ауырса күнде таңертең ашқарынға мына майды ішіңіз

Асқазаныңыз ауырса күнде таңертең ашқарынға мына майды ішіңіз
Фото: depositphotos.com

Дәрігерлер таңғы асты ең маңызды деп санайды. Таңғы ас оянуға, аштық сезімін басуға, жұмыс күніне дайындалуға және жалпы өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Рационда міндетті түрде ақуыздар, күрделі көмірсулар және жасұнық болуы керек. Диетолог таңғы ас ішердің алдындағы пайдалы әдетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mirror-ға сілтеме жасап.

Омлет немесе ботқа пісіргенге дейін дәрігергер ашқарынға бір стақан жылы су ішуге кеңес береді. Ол асқазан-ішек жолын іске қосады, оянуға көмектеседі және артық тамақтанып қоймас үшін асқазанды аздап толтырады. Диетолог Сандра Мониноның айтуынша, таңғы астың алдындағы тағы бір пайдалы әдет - бір ас қасық кокос майын ішу.

Бұл әдеттің бір мақсаты - асқазан-ішек жолына көмектесу.

"Ашқарынға кокос майын ішу іш қатудан арылуға көмектеседі. Кей адамдар іш қатумен ұзақ уақыт бойы қиналады", - дейді Сандра Монино.

Сонымен қатар кокос майы қуаттандырады және ағзаға күш береді. Ол әсіресе таңертең жаттығу жасағанды жақсы көретіндерге пайдалы. Егер сізге кокос майының дәмі мен құрылымы ұнамаса, онда майды кофеге немесе ботқаға қосып жеуге, оған жұмыртқа пісіріп жеуге болады дейді диетолог.

Бұл майға ағзаның реакциясын түсіну үшін алдымен бір шай қасық май ішіп бастаған дұрыс.

Оқи отырыңыз: Кокос майының 20 пайдалы қасиеті

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget